• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2013

Атақты Кличколар Әулиеата өңіріне келіп қайтты

287 рет
көрсетілді

Украин елінің белгілі кәсіпқой бокс­шылары Виталий және Владимир Кличколар өздерінің балалық шағы өткен жерде болды. Бұл үшін олар алдымен Тараз қаласына келіп, облыс әкімі Қанат Бозымбаевпен бірге жақында ғана құрылысы аяқталған «Тараз-Арена» спорт кешенінде болды. Одан кейін Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы – Құлан ауылына сапар шекті. Мұнда Виталий мен Владимир қазіргі Құлан, бұрынғы Луговой ауылындағы бір кездері ата-анасымен бірге тұрған үйге барып, өздері алаңсыз ойнап өскен ауланы аралады.

Қара шаңырақтарын әлі күнге дейін бұзбай отырған үйдің бүгінгі қожайынына ескерткіш сыйлық тапсырды. Оқыған мектебіне де соғып, оның бүгінде балабақшаға айналғанын көрді. Виталийдің бала кездегі ұстаздары мен бір-екі сыныптастары да табылып, өткен жылдардан есте қалған қызықты оқиғалар да айтылды. Ағайынды бокс­шылар өздері жүрген көшелерді де аралап көріп, сағынышты жылдарын еске алды.

Тарихқа бір сәт көз жүгіртсек, әлем чемпиондарының атасы Родион Кличко мен әжесі Тамара Ефимовна соғыстан кейін Қазақстанға жер аударылады. Міне, сол жылдары бүгінде күрзі жұдырығымен әлем бокс жанкүйерлерінің таңдайын қақтырған Кличколардың әкесі Владимир дүниеге келеді. Ол оқып, ержеткен соң ұшқыштар училищесін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітіріп, Чехословакияда, Қырғызстанда, Қазақстанда және Балтық жағалауы елдерінде әскери әуежайлар салу бойынша қызмет етеді. Өмірінің соңына қарай Украина елшілігінің Германия мен НАТО-дағы әскери атташесі болған Владимир Родионович Кличко генерал-майор дәрежесіне дейін көтерілген. Ал ағайынды Кличколардың анасы Надежда Ульянова бастауыш сынып мұғалімі болған екен.

Әлбетте, әкесі Құлан ауылы маңын­­дағы әуежайда қызмет етіп жүрген кезде ағайынды боксшылардың үлкені Виталий осындағы мектепке барып оқыды. Ал Ресей мақтанышы Александр Поветинді күні кеше ғана жеңген Владимир болса ол кезде әлі кішкентай болатын. Олардың есінде әскери қызметтегі әкесімен бірге Қазақ елінің бір түпкірі – бүгінгі Құлан, кешегі Луговой ауылында өткізген бақытты балалық шақтары міне, осылайша қалып қойған еді.

Жамбыл облысы.

Суретте: ағайынды Виталий және Владимир Кличко.

Соңғы жаңалықтар