Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Анар Жаилғанова Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Құрметті достар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Бүгін біз жасампаздық пен прогрестің берік кепілі болып табылатын Ата Заңымыздың 25 жылдығын атап өтудеміз.
25 жыл ішінде Қазақстан Конституциясы өзінің жоғары тиімділігін көрсетті, бейбітшілікті, келісім мен гүлденуді, елдің үдемелі дамуын, қазақстандықтардың әл-ауқатының артуын, жас және болашаққа ұмтылған мемлекетке деген сенім мен сыйластықтың өсуін қамтамасыз етті.
Ата Заңымызда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қалыптастырудың негізгі аспектілерін қамтыды және Конституциямыз қазақстандық мемлекеттіліктің берік іргетасына айналды.
Еліміздің қолданыстағы Конституциясы көп жылғы ұжымдық еңбектің нәтижесі болып табылады, оның бастауында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі зор. Елбасы сол қиын кезеңде айналасындағы миллиондаған қазақстандықты біріктіріп, Ата Заңның жобасын әзірлеу кезінде идеялардың генераторы бола білді.
Елбасының стратегиялық бағытын жалғастыра отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ортақ демократиялық қағидаттарды одан әрі нығайтуды, ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуді қамтамасыз етуде.
Бүгін біз еліміздің Ата Заңының ережелерін сақтай отырып, еркін еңбек етуге, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге мүмкіндігіміз бар. Біз ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен бірлікке негізделген тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген жетістіктерді мақтан тұтамыз.
Барша қазақстандықтардың отбасына денсаулық, береке-бірлік тілеймін! Еліміз өркендей берсін!
Анар ЖАИЛҒАНОВА,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы