• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Тамыз, 2020

Сотталған азамат пробация қызметкеріне 40 мың теңге пара ұсынған

572 рет
көрсетілді

Таразда пробация қызметкеріне пара ұсынудың тағы бір дерегі әшкере болды. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды

30 жастағы ер адам пробация қызметкеріне тәртіптік жауапкершілікке тартпауы және бас бостандығынан айыруға ауыстыру үшін материалдарды сотқа жібермеуін сұрап, 40 мың теңге пара ұсынған.

– Тараз қалалық №2 пробация қызметінің аға инспекторы Айдос Түстікбаевқа пара ұсынған азамат қолға түсті. Алдын ала тергеу барысында ол өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі таңда оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау және қылмыстық істі ҚІБ тәртібінде аяқтау туралы мәселе шешілуде. Айта кетейік, алдағы уақытта бұл бағытта жұмыстар өз жалғасын табады, – деді Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы Бекболат Ескеев.

Еске сала кетейік, Жамбылда бір күн бұрын пробация қызметкеріне 20 мың теңге көлемінде пара ұсынған азаматша құрықталған еді.