• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Оқиға 31 Тамыз, 2020

Браконьерлер тұтылды

242 рет
көрсетілді

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарлауынша, биыл 25 тамызда шамамен сағат 23:30-да «Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторлары табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу кезінде Қы­зылорда облысы Қармақ­шы ауданы 3-ші Интернал ауылы­ның егіс алқабындағы далалық жерде Тойота Ленд Крузер Прадо және Ауди 80 маркалы авто­көліктерін тоқтатты.

Автокөліктерді тексеру барысында жүк салғыштың ішінде 1 жабайы шошқа ұшасы, 16 ка­либрлі құжатсыз 4 аңшы мылтығы табылды. Оқиға орнына Қармақшы аудандық іш­кі істер бөлімінен жедел топ ша­қыртылып тергеу әрекеттері жа­салды. Бұл айғақ бо­йынша Қыл­мыстық кодекстің 337 бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ Жамбыл облы­сы, Байзақ ауданының аума­ғында «Охотзоопром» ӨБ бір­лес­кен іс-шарасы барысында 26 тамызда түнгі сағат 00:30 ша­­ма­сында Байзақ ауданы­на қа­расты «Есқара» құм өңірінен жер таңдамайтын «Тойота» авто­көлігінің ізіне түседі. Таң­­ғы сағат 05:00 шамасында кө­лікті тоқтатып тексеру ба­ры­сын­да Қазақстанның Қы­зыл кітабына енгізілген 2 қа­ра­құйрық аңын заңсыз атқан Бай­зақ ауданының екі азама­ты ұс­талды. Қазіргі таңда ұстал­ған азаматтарға полиция қыз­мет­керлері тергеу амалдарын жүргізуде.

 

Өзен мен жайылымды ластайды

Экологиялық реттеу және бақы­лау комитетінің хабарлауынша, Қара­ған­ды облысы бойынша экология депар­таментінің атына Курьяновский кентінің тұрғындарынан «KAZ Феррит» ЖШС-нің жердің рельефіне ластанған қара суды үнемі төгуі туралы ұжымдық ша­ғым келіп түсті. Жауапсыз әрекеттің салдарынан бұл су Веснянка өзеніне және топыраққа өтіп, өзен ағысынан төмен жайылым­дардағы шөптерді ластайды.

Осы факт бойынша Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің қызметкерлері жергілікті жерге шығып, суда ластаушы заттардың бар-жоғын анықтау үшін су сынамаларын іріктеп алды, сондай-ақ топырақ сынамаларын алды. Қазіргі уақытта талдаулармен жұ­мыс жүргізіліп жатыр. Нәтижелері қо­сымша хабарланады. Сонымен қатар қа­зіргі уақытта «KAZ Феррит» ЖШС-не қатысты жос­пардан тыс тексерісті ұйым­дастыру мә­селесі қарастырылуда.

 

«Шарын» ұлттық паркінде қоғамдық кеңес құрылады

Экология, геология және та­биғи ре­­сурстар министрлігі «Шарын» мем­ле­кеттік ұлттық паркі жанында эко­ту­ризмді дамыту жөнінде қоғамдық ке­ңес құрмақ. Осыған орай барлық ниет білдірушілер, оның ішінде ғалымдар, сала сарапшылары, туристік қоғамдастық өкілдері, қоғам қайраткерлері мен эко-белсенділер қо­ғам­дық кеңестің құрамына ене алатынын хабарлады.

Жаңадан құрылатын кеңес аталған жобаны қоғамдық мониторингілеуге қатысатын болады. Барлық мүдделі тұ­ғалар белгіленген формаға сәйкес, 2020 жылдың 3 қыркүйегіне дейін элек­тронды поштаға жеке басы туралы мәліметтерді жолдауы тиіс. Айта ке­тейік, жуырда «Шарын» ұлттық пар­кі қарамағында экотуризмді дамыту тұ­жы­рымдамасы таныстырылды. Ниет біл­діруші азаматтар тұжырымдаманың то­лық нұсқасымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Ор­ман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің және «Шарын» мем­лекеттік ұлттық паркінің сайттарында таныса алады.