• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 31 Тамыз, 2020

Коронавирус жұқтырған 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

155 рет
көрсетілді

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 31 тамызда коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат таратты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 910 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 32 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 755 науқас жатыр. 4 155 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 201 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада 31 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі деректер бар.

"Өткен тәулікте  COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылардың 56 жағдайы тіркелді, 6 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 26 адам жазылып шыққан", - делінген хабарламада.

Қазақстанда 1-31 тамыз аралығында науқастар саны – 25 714-ке жетті, өлім жағдайлары - 290, барлығы 5 575 адам сауығып шықты.