• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 31 Тамыз, 2020

Сауд Арабиясы ашқан мұнай-газ кен орындары қанша өнім береді?

1206 рет
көрсетілді

Сауд Арабиясының Энергетика министрі Абдель Азиз бен Сальман елдің солтүстігінде екі жаңа мұнай және газ кен орнын ашқанын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Хадат әл-хаджра газ кен орны Эль-Джауф провинциясында табылды. Оның айтуынша, конденсатқа бай газ мұнда күніне 16 миллион текше фут көлемінде келеді. Абрак әл-Талул мұнай-газ кен орны Иракпен шекаралас Солтүстік провинцияда ашылған.

Бен Сальман атап өткендей, жеңіл Араб премиум-мұнайы кен орнынан күніне 3,189 мың баррель көлемінде мұнай өндіреді. Дәл осы жерден күніне шамамен 1,1 миллион текше фут газ өндіруге болады. Сондай-ақ, сол кен орнындағы тағы бір ұңғыма тәулігіне орта есеппен 2,4 миллион текше фут береді.