• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Тамыз, 2020

Жол жиегінен табылған қыздың ата-анасы анықталды

189 рет
көрсетілді

Түркістан облысының Сарыағаш ауданда жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инпекторы, полиция лейтенанты Палходжаев Берік жол бойында жалғыз өзі жүрген 2 жас шамасындағы қыз баланы тауып алған, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Полицей бүлдіршіннің ата-анасын анықтау мақсатында шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде балақайдың анасын тауып, аман-есен қолына тапсырды.

2 жастағы баланың ата-анасы Түркістан облысы полиция департаментіне шексіз алғысын білдірді. Тексеру барысында анықталғандай, анасы үй шаруаларымен айналысып жүрген кезінде қараусыз қалған бүлдіршін ауладан белгісіз бағытқа қарай шығып кеткен.

Сонымен қатар, қыздың ата-анасына балаларды қараусыз қалдыруға болмайтындығы айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.