• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Білім 31 Тамыз, 2020

ҰБТ бейнежазбалары тексерілген соң 97 бала грантынан айырылды

393 рет
көрсетілді

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ бейнежазбаларын тексеріп, 97 баланың грантын қайтарып алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

 

"Конституция күніне 97 балаға жақсы жаңалық! ҰБТ бейнежазбаларының қорытындысы бойынша 158 тест тапсырушының нәтижесі жойылды, олардың 97-сі грант иегері атанған болатын (соның ішінде 138 балл алған түлек те бар). Соған орай, әділ тапсырған, бірақ грантқа өтпеген 97 бала 2 апта ішінде грант иегерлері атанып, тіркелетін болады. Толығырақ Ұлттық тестілеу орталығының парақшасында жариялаймыз", деп жазды Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Фейсбук желісінде.

Өкінішке орай, тәртіпті қамтамасыз ететін кезекшінің де қылмыстық әрекетке байланысы анықталған.