Орташа жөндеу аясында Балқантау көшесі бойымен Жанкент көшесінен С.Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі учаскеде жол құрылысы жүргізілуде, - деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Балқантау көшесі бойымен Жанкент көшесінен С.Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі учаскеде жол құрылысы жүргізілуіне байланысты 31 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін бағдарын алдын-ала жоспарлауы керек», – делінген көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарламасында.