• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 31 Тамыз, 2020

Мәскеу маңындағы Алабинода қазақ әуендері шырқалды

184 рет
көрсетілді

Орталық ансамбль әртістері «Танк биатлоны» байқауына қатысқан қазақстандық жауынгерлерді Конституция күнімен құттықтады. Оларға алдағы сайыстарда табыс тілеп бірқатар танымал композициялардыорындады.

- Біз барлық ойын қатысушыларын қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Сайыста адал бәсекелестік пен жақсы өнер көрсетулеріне, елдеріміз арасындағы достықты нығайта түсулеріне тілектеспіз. Осындай айтулы мерекеге орай біздің командамызға танк биатлонында үлкен жеңістер тілейміз, - деді ансамбльдің көркемдік жетекшісі Әсем Шарифуллина.

Сонымен қатар, ансамбль әртістері өздерінің вокалдық шеберліктерімен Армия халықаралық ойындары өкілдерінің жүрегінен орын алды. Олар халық әндері мен қазақ фольклоры әуендерін орындаған таланттарымызды жылы қарсы алып, өз қошеметтерін білдірді.

-Бүгін Қазақстаннан келген Армия халықаралық ойындарының қатысушылары мен олардың Ресейдегі шығармашылық ұжымы үшін ерекше күн. Мен барлық қазақстандықтарды ел Конституциясы күнімен құттықтаймын. Біздің достығымыз одан әрі де нығая берсін, - деді Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Мәдениет департаментінің бөлім бастығы, Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ольга Фаллер.

- Конституцияның 25 жылдық мерейтойы – біздің мемлекет тарихындағы маңызды кезең және айтулы күн, осыған байланысты біз «Танк биатлоны» сайысында жеңіске жету үшін барынша күш саламыз, - деп атап өтті Армия халықаралық ойындарының қазақстандық қатысушылары.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан танкішілері «Танк биатлоны» сайысы аясында 2 қыркүйекте жартылай финалдық эстафетада өнер көрсетеді.