«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол билеттерін сату процесін дәстүрліден электронды форматқа трансформациялау жылына 1,5 млрд теңге үнемдейтінін көрсетті.
«Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2014 жылы басталған «Мобиус» фискалдандырылған компьютерлік жүйесі базасында электронды билет технологиясы, соның ішінде «Адал жол» жобалық офисінің ұсынысы бойынша кезеңімен енгізілген еді. 2014-2020 жылдарға арналған е-форматта билеттер сатуға өту есебінен ұлттық тасымалдаушы үшін шығыс бөлігі айтарлықтай төмендеді. Оңтайландыру сонымен қатар қымбат тұратын бланктерден бас тарту есебінен де орын алды. Мамандардың айтуынша, сатуды трасформациялаудың басты мақсаты – сату арналарын кеңейту есебінен сервисті арттыру, «Күту парақшасы» бойынша билеттерді сатып алу мүмкіндігі, орындар туралы мәліметтердің айқындығын қамтамасыз ету және қосымша функционалдарды ұйымдастыру. Бұл ретте, веб-билет қолдан жасаудан қорғалған және іссапарға шыққан адамдар үшін бухгалтерияға ұсынуға өте ыңғайлы. Сондай-ақ барлық деректер электрондық мәлімет базасында сақталуы артықшылық береді әрі қағаздың жоғалуы жолаушыға қауіп төндірмейді.
Билет формасы халықаралық стандарт бойынша құрылған, онда әуе билетіндегі сияқты арнайы штрих-коды бар, жолсерік оны көріп жолаушының заңды екенін анықтайды және отырғызуды жүргізеді. Электронды билеттендірудің жаңа жүйесіне толық өту 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асырылды, қарбалас күндері «күту парақшасы» бойынша кезекке тұру тәртібімен билеттерді сатып алу, тұрғындар үшін сатып алу жағдайларын жақсартуға мүмкіндік берді.
– Жол жүру құжаттарын сатудың жетілдірілген электронды жүйесі сондай-ақ қолдан жасалған билет жетіспеушілігін құру тәжірибесін төмендетуге көмектесті. Жаңашылдықпен күту парақшасы мен орындарды «аулауды» блокқа қою функционалы қарастырылған. Соңғы опция – күту парақшасы – билеттер сату жүйесіндегі орынның болмауы кезінде жолаушыларға электронды кезекке тұруға мүмкіндік береді, – дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ маркетинг және сату бөлімінің директоры Алмас Айтбаев.
Топтық тасымалға тапсырыс беруді рәсімдеу мен беру процесі де автоматтандырылған. Өзгерістер bilet.railways.kz. сайты сервисі жұмысына да әсер етті. Порталдың жаңа нұсқасында тұтынушылар пойыздың жүруі бағытын, сонымен қатар жолаушының нақты жол жүруі кескіндемесін толық көре алады. Көрсетілген функционал сайттың мобилдік нұсқасында да бар.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Kaspi Bank-пен бірлесе билеттерге төлемнің жаңа сервисін іске қосты. Енді жол жүру құжаттарын (билеттерді)
WWW.BILET.RAILWAYS.KZ сайтында рәсімдеу кезінде, билетке төлем жүргізуде Kaspi.kz. пайдалануына болады. Бұдан басқа, жақында мүгедектігі бар барлық топтағы тұлғалар үшін әлеуметтік маңызды пойыздарға жеңілдікті билеттерді онлайн-рәсімдеу бойынша жаңа қызмет түрі жұмыс істей бастады.
Жолаушылар енді билет сатып алуда үнемдеуіне болады. Атап айтқанда, қысқа жол жүруде клиенттер жатын жабындысынан бас тартуына мүмкіндік беретін опция енгізілді. Мұндай жағдайда оның құны жол жүру бағасынан шегеріледі. Сондай-ақ таңдаулы орындарды таңдауда сүзгінің дұрыс жұмыс істемеу проблемасы шешімін тапты. Сайтта пайдаланушыны тіркеу процедурасы айтарлықтай жеңілдетілді, енді поштаға тіркелімді растауды күтудің қажеті жоқ. Жаңа пошталық серверлер қосылып, электронды поштаны жіберу жылдамдығы жақсарды.