«ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы «KTZ Express» АҚ «Нұр жолы» өткізу пунктінде автофуралардың тоқтап тұру мәселесін шешуде жүк жөнелтушілерге көмек көрсетуде.
Пандемияға байланысты шектеу шараларына орай аталған бекет орналасқан Қазақстан-Қытай шекарасында ұзындығы 50 шақырымға созылған, саны 2500-ден асатын автокөлік құралдарының үлкен кезегі пайда болды. Фуралар 2,5 айдан астам уақыт бойы тұр.
KTZ Express ұлттық мультимодальдық логистикалық операторы жиналып қалған жүк фураларын Қытайдан Қазақстанға «KTZE – Khorgos Gateway» Құрғақ порты аумағына темір жолмен жеткізудің тиімді шешімін ұсынып отыр. KTZ Express пайдаланатын Құрғақ порт аумағында құрылған заманауи көлік-логистикалық инфрақұрылым жүк автомобильдерін контрейлерге артуға және Қорғас стансасына жөнелтуге шамасы бар үздіксіз контрейлерлік тасымалдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Құрғақ порт терминалынан тиелген құрамдарды қабылдап алу үшін Қорғас стансасында (ҚХР) автомобильдерді жүктеу жүргізіледі. Одан әрі жүктерді жеңілдетілген тәртіпте кедендік рәсімдеуден өткізгеннен кейін, Қазақстан қалалары бойынша жөнелту орын алады.
Контрейлер – жүктердің біріктірілген тасымалы – автомобильді-сулық, автомобильді-теміржолдық немесе аралас автомобильді-теміржолдық-сулыққа арналған автомобилдік дөңгелектермен жабдықталған контейнер екенін қаперге саламыз. Бұдан басқа, Құрғақ порт аумағында күн сайын тар табанмен әрі қарай автофураларға артып және жүк алушыларға дейін жеткізілетін жабық вагондарды қабылдау жүргізіледі. Құрғақ порт терминалының техникалық қуаты ай сайын 1200 жабық вагон өңдеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ айына 2400 автомобильге дейін қайта тиеуді жүргізе алады. Сонымен 2020 жылдың тек шілдесінде 1434 мм табан бойынша 325 жабық вагон қайта тиелді.
KTZ Express Қазақстанның ірі қалалары мен әртүрлі елдеріндегі өкілдіктерінде кең агенттік желілері және де компанияның құрал-жабдықтары мен сервистері Қытайдың барлық ірі провинцияларында бар. KTZ Express клиенттері сапалы сервис пен тасымалға неғұрлым оңтайлы ставкаларды ұсынатын, сенімділік, жүктерді жеткізудің жоғары жылдамдығын бағалайды.