• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қыркүйек, 2020

Атырауда көршісін өлтірген тұрғын ұсталды

1003 рет
көрсетілді

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қанды оқиғаның 30 тамызда Атырау қаласындағы Авангард-3 ықшамауданында болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Түнгі сағат 00:30 шамасында көрші тұратын 47 және 53 жастағы тұрғындар бірге алкогольдік ішімдік ішкен. Олар өзара жанжалдасып қалған. Сол кезде  47 жастағы азамат көршісін пышақпен жарақаттаған. Ауыр дене жарақатын алған 1967 жылғы тұрғын оқиға орнында көз жұмған", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Көршісін пышақтап өлтірген қаныпезер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерекке қатысты сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар