Полиция қызметкерлері жүргізушіні жедел іс-шара кезінде «Ақтөбе-Астрахань» тас жолының Аққыстау селосы тұсында тоқтатыпты. Жүргізуші «ВАЗ-2114» көлігімен Атырау қаласына бара жатқан екен.
«Тексеру кезінде жүргізушінің Исатай ауданындағы Жанбай селосының тұрғыны екені анықталды. Жиырма алты жастағы тұрғынның басқаруындағы көлік салонынан салмағы 1 келі болатын қолдан дайындалған бекіре балығының қара уылдырығы табылып, тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабы, 1-бөлігімен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) жүргізілуде» -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.