• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Оңтүстік Қазақстан 02 Қыркүйек, 2020

Жоғалып кеткен 3 жасар бала аман-есен табылды

257 рет
көрсетілді

Шымкентте жоғалып кеткен үш жасар бала табылды. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

29 тамыз күні сағат 19:30 шамасында Әл-Фараби ауданында үш жасар бүлдіршін іс-түссіз жоғалып кеткен. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Асқаров көшесі Акация аялдамасы маңында ата-анасының қарауынсыз жүрген бүлдіршінді байқайды.

Баладан аты-жөнін сұрағанда ол жауап бере алмағандықтан, оны №13 учаскелік полиция тірек пунктіне жеткізген. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары Ұлттық Ұлан сарбаздарымен бірге баланы ата-анасына аман-есен табыстады.