Пандемия басталғалы 20 мыңнан астам азаматынан айрылған Колумбия үкіметі карантин талаптарын босатқан, дейді REGNUM.
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда елде 20 052 адам індеттен ажал құшып, 624 069 азаматтың ауру жұқтырғаны тіркелген. Ал дәл осы уақытта, 133 155 пациент аурумен арпалысып жатқанда билік бірқатар аймақтарда карантин талаптарын босаңдатуды, тіпті алып тастауды көздеген. Шектеу тек ауру белсенділігі жоғары өңірлерде ғана сақталады, ал қалған аймақтар сақтық шараларын ұстана отырып қалыпты тіршілікке көшеді делінген.