• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Қыркүйек, 2020

COVID-19: Аргентинада бір тәулікте 10 мыңнан астам адамнан вирус табылды

131 рет
көрсетілді

Аргентинада 24 сағат ішінде 10 504 адамның ауру жұқтырғаны анықталды.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында жария етілген ақпаратқа сүйенген REGNUM 428 239 адамның SARS-CoV-2 тырнағына ілінгенін жазады. Кешегі күн 259 пациент осы ауру салдарынан көз жұмып, індет басталғалы 8919 аргентиналықтың тіршіліктегі тынысы тоқтаған көрінеді.

Пандемия патшалық құрғалы Латын Америкасындағы көптеген елдер вирустан көз аша алар емес. Әлем бойынша Бразилия екінші орынға шығып, осы құрлықты мекендеген мемлекеттер қатары экономикалық қиындықтарға тап болып жатыр.