• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қыркүйек, 2020

Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртеніп жатыр

305 рет
көрсетілді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі теңіз жағалауындағы батпақта өскен қамыстың тағы да өртенгенін хабарлап отыр. Өрт 1 қыркүйекте сағат 19:45-те ғарыштық бақылау мониторингі арқылы анықталыпты, деп хабарлайды Egemen.kz

"Төтенше жағдайлар департаментінің 3 қызметкері оқиға орнына барып, өрттің Атырау қаласынан шамамен 35 км қашықта, Каспий теңізінің батпақты жағалауында орын алғанын анықтады.  2 қыркүйекте департамент бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полоквнигі Р. Бляловтың басшылығымен "Eurocopter" 145 UP-ЕС033" тікұшағымен Каспий теңізінің жағалауы мен "Ақ Жайық" мемлекеттік табиғи резерваты аумағының шекарасындағы қамыс өртіне әуеден барлау жасалды. Барлау кезінде "Веста" ауданында шамамен 500-800 шаршы метр болатын үш ошақ анықталды. Бұрын өртенген қамыстың орны түтіндеп жатыр. Өртенген аумақтың жалпы ауданы 2 гектарды құрайды", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.