• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Экономика 03 Қыркүйек, 2020

Салық органдарына келу уақытын онлайн брондауға болады

88 рет
көрсетілді

Салық органдарына келу уақыты мен күнін онлайн брондау енді браузерде ғана емес, сонымен қатар "e-Salyq mobile" мобильді қосымшасында қол жетімді. Бұл қосымшаны смартфонға (Google play және App Store-да қол жетімді) жүктеп алып, өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта сапарды жоспарлауға болады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сонымен қатар, қызметті алғаннан кейін Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында жүргізілетін сауалнамаға қатысыңыз (сілтеме: http://kgd.gov.kz/kk/content/memlekettik-kyzmetterdi-alu-kezinde-salyk-toleushilerge-kyzmet-korsetudin-sapasy-men). Мақсат - қызметтегі осалдықтарды анықтау және ұсынылатын қызметтің сапасын арттыру. Шетте қалмаңыз, сауалнамаға қатысыңыз, ел дамуына өз үніңізді жеткізіңіз", делінген хабарламада.