• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Елорда 03 Қыркүйек, 2020

Р.Қошқарбаев пен Әл-Фараби қиылысы 4-7 қыркүйек аралығында толығымен жабылады

264 рет
көрсетілді

Елорда тұрғындары мен қонақтары өз бағдарын алдын ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Орташа жөндеу аясында Р.Қошқарбаев пен Әл-Фараби даңғылдарының қиылысында көлік айырбасында жол құрылысы жүргізілуде. Осыған байланысты 4-7 қыркүйек аралығында көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін өз бағдарын алдын-ала жоспарлауы керек.

"Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністік танытуды сұраймыз", делінген көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.