• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қыркүйек, 2020

Павлодарда соңғы күндері балалар арасында вирустық аурулар жиілеген

213 рет
көрсетілді

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовқа №1 емхананың бас дәрігері Алтай Төребаев айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Соңғы екі-үш күнде мобильді бригадаларға вирустық аурулар диагнозы қойылған балалар бойынша жиі қоңырау түсе бастаған", - деді Алтай Төребаев.

Аймақ басшысы бұл жағдайға талдау жүргізуді тапсырды.

"Балалар қандай балабақшалардан және ауруханаға түсу себебін анықтаймыз. Бәлкім, бұл ортаның өзгеруі немесе гипотермия нәтижесі болуы мүмкін. Анықтап, тез шешім қабылдау қажет. Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы өте маңызды", - деді Әбілқайыр Сқақов,

Сондай-ақ емхананың бас дәрігері №1 емхананың жанында жоспарланып отырған балалар емханасын салу жайлы баяндады.

"Емхананың аумағы кең, құрылыс орны ретінде негізгі ғимараттың жаны таңдалған. Жаңа төрт қабатты кешен құрылысының басталуына жылумен қамтамасыз ету мәселесі кешіктіріп отыр", - деді ол.

Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов ақ желеңділердің идеясын қолдап, көмек көрсетуге уәде берді.Пациенттерді қабылдауды ұйымдастырумен танысу барысында облыс әкімі оларға тегін берілетін дәрілердің тізбесін әрдайым біле бермейтіндігіне және оларды дәріханадан сатып алатындарына назар аударды.Бұл ретте аймақ басшысы ұсынылған кең ауқымды тізімнің орнына көрнекі насихат жұмыстарын жүргізуге кеңес берді.

Соңғы жаңалықтар