• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қыркүйек, 2020

Танысының үйінен 14 200 АҚШ долларын ұрлаған атыраулық ұсталды

1380 рет
көрсетілді

Ағайын-туысындай жақын араласатын танысының үйінен 14 200 доллары мен зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен. Аталған деректі облыстық полиция департаменті растап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

"28 тамызда сағат 08:30-12:30 аралығында 47 жастағы азамат Атырау ықшамауданында тұратын танысының үйіне кедергісіз кірген. Үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, 14 200 АҚШ доллары мен  зергерлік бұйымдарды ұрлаған. Полиция қызметкерлері танысына 5 960 000 теңге көлемінде залал келтірген ұрыны анықтап, ұстады. Одан айғақ зат ретінде қолды болған шетел валютасы мен зергерлік бұйымдар табылды", деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір танысын саз отырғызуды ойлаған ұрыға қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.