Ливан әскері Бейрут портына кіре берістеy тағы 4,35 тонна жарылғыш аммиак селитрасын тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алайда, Ливан Қарулы Күштері жергілікті армия инженерлерінің мұндай жарылғыш заттарды өңдеуде тәжірибесі бар екенін мәлімдеді.
Бұған дейін Дүниежүзілік банк Бейруттағы жарылыстың шығынын есептеген еді.. Сарапшылардың пікірінше, Ливан астанасына келтірілген тікелей физикалық залал 3,8-4,6 миллиард долларды құраған. Естеріңізге салайық, осыдан бір ай бұрын, 4 тамызда Бейрут портында жойқын жарылыс болды. Жүздеген үй мен көлік қирап, біразына зақым келді. Ливан астанасының көптеген аудандарында ғимараттардың біраз бөлігі толығымен қирап қалды.