Аталған нысан "Almaty Business 2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылдың қараша айында іске қосылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Almaty Finance" компаниясы Жобаларды сүйемелдеу департаменті директоры Нұржан Садықов нысандағы қолдау жүйесіне тоқталды.
Жобаның басты мақсаты қолданыстағы өндірістік ғимарат алаңдарын қайта жөндеуден өткізіп, жетілдіру. Сонымен қатар, осы өнеркәсіптік парк аумағында бірыңғай кластер құру міндеті қойылды. Былайша айтсақ, осыған ұқсас бағыттағы жобаларды орналастыру. Ғимарат алаңы белгіленген төмен бағамен жалға беріледі. Яғни, 1 шаршы метрінің бағасы 1000-1200 теңгеге тең, ал жалға беру мерзімі 5-7 жыл. Бірінші жоба "Furtina" компаниясы жүзеге асыратын жиһаз өндірісіне қатысты. Мұнда екі есе жетістікке қол жеткен. Яғни, өнеркәсіптік парк құрылысына қолдау көрсету нәтижесінде жиһаз жасау жобасы жүзеге асырылуда. Егер өнеркәсіптік паркті жылдық 6% мөлшерлемемен қаржыландырылса, ал жиһаз жасау жобасына жылдық 2% мөлшерлемемен қаражат бөлінген. Жеті жылға дейінгі мерзімге инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін, ал 3 жылға комиссиясыз капитал айналымына қолдау көрсету мақсатында жылдық 2–6% мөлшерлемемен несие беріледі.Несиелендіру бағдарламаларының ерекшелігі –клиентпен тікелей байланысып, толықтай қызмет түрлерін ұсыну.
"Almaty Finance" компаниясы өкілінің айтуынша, кәсіпкерлер үшін тағы да бірқатар артықшылықтар бар. Атап айтсақ, жобаны қарастыру барысында ешқандай комиссия алынбайды. Бұған қоса, серіктестерге "Алматы финанс" компаниясы, "Qolday" кәсіпкерлік орталығы, "Алматы" шағын қаржы үйымы орналасқан "Инвестициялар үйінде" қызмет түрлері көрсетіледі.Сондай-ақ, қаражатты қарастыру мерзімі 30 күннен 5-10 күнге дейін қысқартылды.Алдағы уақытта Алматы қаласында осы ндай тағы алты өнеркәсіптік парктерді құру жоспарлануда. Бұған қоса, инвестор креативті индустрия, әлеуметтік нысандарды салу, өңдеу өнеркәсібі жобаларын дамыту, тұрақсыз сауда нысандары желісін дамыту саласындағы жобаларға қолдау көрсетпек. "Almaty Finance" компаниясы өкілдерінің айтуына сүйенсек, бұлардың қатарына өнеркәсіптік парктер, қызмет көрсету орталықтары, "қолжетімді жерде" орналасқан жаңа форматтағы дүкендер жатады.Қазіргі сәтте, бағдарлама аясында 6,6 млрд. теңге сомасына 29 жоба мақұлданды. Олардың ішінде, 17 жоба 5,4 илрд.теңге көлемінде қаржыландырылып, 214 жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, 1,7 млрд.теңгеге тең жобалар қарастырылуда.
Орталық пен периферия арасындағы іскерлік климаттағы тегерімсіздікті жою үшін, қаланың жаңа аудандарына, оның шет аймақтарына басты назар аударылады."Ala Estate" ЖШС басшысы Қанат Бидараловтың айтуынша, өнеркәсіптік парк аумағында қазіргі сәтте корпустық жиһаз бен медициналық және арнайы жиһаз өндіретін компаниялар орналасқан. Қыркүйек айының соңына дейін мұнда кеңсе тауарлары, экологиялық қаптамалар мен бетперделер өндіретін кәсіпорындар іске қосылмақ.