• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Қыркүйек, 2020

"Қайрат" пен "Астана" кездесетін күн белгілі болды

337 рет
көрсетілді

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы бірінші айналымның қалған турларының күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz лига сайтына сілтеме жасап.

Сегізінші тур ойындары 11 және 12 қыркүйек күндері өткізіледі. 11 қыркүйекте "Жетісу" мен "Оқжетпес", "Шахтер" мен "Тараз", 12 қыркүйекте "Ордабасы" мен "Астана", "Тобыл" мен "Қызылжар", "Қайрат" пен "Қайсар" командалары кездеседі. Бірінші айналымның соңғы туры 2 қазанға белгіленген. Ал 4 қазанда "Қайрат" пен "Астана" кейінге қалдырылған 6-тур ойынын өткізеді.

Қазақстандық командалардың еурокубок ойындарына қатысуына байланысты ойын күнтізбесінде бірқатар өзгеріс болуы мүмкін.