• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Қыркүйек, 2020

А.Балаева "Қазақ газеттері" ЖШС ұжымымен кездесу өткізді

414 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева "Қазақ газеттері" ЖШС ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева "Қазақ газеттері" ЖШС ұжымымен кездесу өткізіп, "Мысль" республикалық қоғамдық-саяси ғылыми-ағартушылық журналының 100 жылдығымен құттықтады.

Министр жиналғандарға мемлекеттік хатшы Қ.Көшербаевтың атынан  "Мысль" журналы ұжымына арнайы құттықтау хатын оқып берді. 

Өз кезегінде, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева цифрлық технологиялар дәуіріндегі "Мысль" журналы халықтың сұранысқа ие басылымы болып қала беретінін, ұлттық сана мен рухани құндылықтарды қалыптастыру бойынша қоғамдық-маңызды жұмыстарды жүргізуге бағытталған өзінің тақырыптық контенті бар екенін атап өтті.

Соңында, министр Аида Балаева еліміздің түрлі тақырыптық баспа басылымдарын біріктіретін "Қазақ газеттері" ЖШС ұжымына шығармашылық табыс тіледі.