• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қыркүйек, 2020

Каспий жағалауында өртеніп жатқан қамысқа тікұшақпен 30 тонна су себілді

189 рет
көрсетілді

Шымкент қаласынан барған "Қазавиақұтқару" АҚ-ның МИ-17 тікұшағы жану ошағына 3 тоннадан 10 рет су шашты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент қаласынан барған "Қазавиақұтқару" АҚ-ның МИ-17 тікұшағы жану ошағына 3 тоннадан 10 рет су шашты.

Сонымен қатар "Қазавиақұтқару" АҚ "Еврокоптер145" тікұшағымен жану аумағын бойлай ұшу жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысында Атырау қаласынан 30 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ, жануды сөндіру жұмыстары жалғасуда. 

Жеке ошақтармен жануда.

Жану орны батпақты, өсімдіктердің биік болуы өртті сөндіруді қиындатты, осыған байланысты арнайы техниканың өту мүмкіндігі жоқ.

Алдын ала жану ауданы 110 га.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД, "Қазавиақұтқару" АҚ, Орман шаруашылығынан, жергілікті атқарушы органдардан 82 адам, 23 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылды.