• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Қыркүйек, 2020

Колумбияға COVID-19 кесірі

144 рет
көрсетілді

REGNUM ақпаратына сүйенсек, Колумбияда бір күнде 8394 адамнан вирус табылыпты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Колумбия Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасаған агенттік Латын Америкасындағы осы елде пандемия планетаны шарлағалы 658 456 адамның вирус жұқтырып, 21 156 пациенттің тіршіліктегі жейтін талқанының таусылғанын жазады.

 Қыркүйектің 5-інде  268 колумбиялық жоғарыдағы індет құрбандарының қатарына қосылыпты. Ал пандемияны жеңіп шыққандар саны 507 мың адамды құраған көрінеді.