• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Қыркүйек, 2020

Теміртау қаласының полицейлері кісі өліміне қатысты қылмысты ашты

347 рет
көрсетілді

Тәулікке жеткізбей Қарағанды облысы Теміртау қаласының полицейлері кісі өліміне қатысты қалмысты ашты, – деп  хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

5 қыркүйек күні сағат 15.30 шамасында “Арселор Миттал Теміртау ” АҚ комбинатынан 200 м құдықтан денесінде зорлық-зомбылық белгісі бар, бұрын ізтүссіз жоғалғандар санатында болған 50 жастағы қала тұрғынының мәйіті табылды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні ұстау және анықтауға байланысты барлық ішкі істер органының жеке құрамына бағыттама берілді.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 және 43 жастағы екі азамат ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі уақытта дәлелдемелерді жинауға байланысты тергеу әрекеттері жүргізілуде.