• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Қыркүйек, 2020

Қазақстан Швейцарияның карантиндік тізімінен шығарылды

143 рет
көрсетілді

Швейцарияның Федералдық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Қазақстанды осы елге оралғанда азаматтары карантинді сақтау қажет елдер тізімінен алып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Швейцарияға белгілі бір елдерден және "жұқтыру қаупі жоғары" аймақтардан келген адамдар карантинге жатқызылуы керек. Бұл елдердің тізімі 7 қыркүйектен бастап қайта жаңартылды.

Қазақстаннан басқа, тізімнен Қырғызстан, сондай-ақ Бельгия, Сальвадор, Эсватини (Свазиленд), Люксембург, Мексика және Оман елдері де шығарылды.

Айта кетейік, Швейцария адам қай елден ұшып келгенін ғана емес, соңғы 14 күн ішінде қай мемлекеттерде болғанын да ескеріп, шара қабылдайды.