• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қыркүйек, 2020

Елордада 47 ойын терминалының иесі сотталды

154 рет
көрсетілді

ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті елорда тұрғынына қатысты заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Күдікті аса ірі көлемде пайда табу мақсатымен бір топ тұлғамен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 47 ойын терминалын қолданып, заңсыз ойын бизнесін жүргізген.

"Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотының үкімімен елорда тұрғыны ҚР ҚК 307-б. 2-б. 2-т. сәйкес айыпты болып танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды", делінген ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметінде.