• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Қыркүйек, 2020

Прокуратура 1 қазаннан бастап процессуалдық шешімдер электронды форматта шығарылатынын мәлімдеді

503 рет
көрсетілді

2020 жылдың 1 қазанынан бастап азаматтарымыздың конституциялық құқығына қатысты істер бойынша басты процесуалдық шешімдер шығару электронды форматқа көшіріледі. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

"1 қазаннан бастап сотқа дейінгі тергеумен айналысатын барлық құқық қорғау органдары азаматтарымыздың конституциялық құқығын қозғайтын істер бойынша басты процессуалдық шешім шығаруды электронды форматқа көшіреді. Кеше еліміздің бас прокуроры Павлодар облысына жұмыс сапарымен барып, жаңашылдық іс жүзінде қалай әрекет ететіндігімен, оның мүмкіндігімен танысты", деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 1 қазаннан бастап кез келген процессуалдық шешім шығарылғаннан кейін бірден сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілетін болады. Ал ол қадағалаушы прокурор мен процессуалдық процестің өзге де қатысушыларына көрініп тұрады. Өз кезегінде прокурор шешімнің заңдылығын дер уақытында қадағалай алады. Заң бұзушылық орын алған жағдайда ол электронды форматты жояды.

"Президент атап өткендей, қадағалаудың кешеуілдеу жағдайы бар. Қағаз нұсқада оны бұрмалауға, өзгертуге болады. Ал мұны болдырмау тәсілінің бірі – цифрландыру. Бұл прокурорларға қосымша өкілеттік емес, қылмыстық істерде азаматтардың құқығы үшін қосымша жауапкершілік жүктейді. Сондықтан да біз мұның қалай жұмыс істейтіндігін Павлодар облысында байқап көрдік, бейімдедік және 1 қазаннан бастап бүкіл елімізге бұл жүйені енгізуге болады деген пайымға келдік", деді Марат Ахметжанов.