• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қыркүйек, 2020

Жолдауда қойылған міндеттер уақытылы әрі өзекті - Берген Беспалинов

219 рет
көрсетілді

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов Жолдауды іске асыру шеңберінде жоспарланып отырған реформалар мемлекеттік аппараттың жұмысына жаңа серпін беретінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

"Мемлекет басшысы атап өткендей, мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешімдер қабылдау мен олардың орындалуы үшін жауапкершілік жүйесіне қойылатын тәсілдерді өзгерту қажет. Бізге кәсіби деңгейі жоғары, жаңа көзқарастар мен бастамаларға ие мамандар қажет. Құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарты тарту – Агенттіктің діттеген басты мақсаттарының бірі. Осыған орай мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімі жылдан жылға жетілуде. Бүгін қажетті нормативті-құқықтық база жұмыс істеуде", деген Б.Беспалинов бұл салада әрі тындырар істің мол екенін мәлімдеді.

Өз Жолдауында Президент мемлекеттік аппаратты және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту мерзімдерін жылдамдатуды тапсырды. Шағын әрі тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мақсатында Агенттік сауатты әрі жан-жақты ойластырылған оңтайландыру қағидатын ұстанатын болады.

Мемлекеттік органдардың құрылымдарындағы артық салалар қайта қарастырылады. Нәтижесінде қайталанатын міндеттер жойылып, бизнес-процесстер жоғары автоматтандыру және цифрландыру арқылы оңтайландырылатын болады. Лауазымдарды оңтайландыру барысында бос және әлеуетті бос лауазымдар ескерілетін болады.

Брифингті қорыта келе, Б.Беспалинов қойылған міндеттердің уақытылы және өзекті екенін, ал мемлекеттік аппараттың осы міндеттерді шешуге қауқары бар екендігін атап өтті.