• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 08 Қыркүйек, 2020

Оңтүстік Корея экономикасына COVID-19 салған салмақ

188 рет
көрсетілді

Биыл мамыр айында Корей экономика институтының сарапшылары ел экономикасының өсімі 0,2% көлемінде болады деп есептесе, енді олай емес,  ІЖӨ 1,1 пайызға төмендейді, деп отыр дейді REGNUM, деп хабарлайды Egemen.kz.

COVID-19 экономикаға тұсау салғанымен қоса, оны артқа тартып отыр деген сарапшылар Қытай мен АҚШ арасындағы тайталастың да ел қуатын арттыруға кедергі жасағанына тоқталған.

Биыл жеке сектордағы тұтыну 4,6 пайызға төмендеп, алайда өндірістік қуаттылықты арттыруға салған инвестиция 4,2 пайызды құрап, ал құрылыс саласына деген қаржы 1,1 пайыз көлеміне артты дейді сарапшылар. Соған қарамастан экономика вирус салмағын айқын сезінуде деген.