• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Экология 08 Қыркүйек, 2020

Синоптиктер елордада және өзге 9 өңірде ескерту жариялады

593 рет
көрсетілді

"Қазгидромет" РМК ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 9 қыркүйек күні түнде Қостанай облысының шығысында -1-3 градус үсік күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. 9 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ болжанады.

Оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с артады. 9-10 қыркүйекте Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде жекелеген аумақтарда -1-3 градус үсік сақталады.

9-10 қыркүйекте Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, -1-3 градус үсік болжанады.

9 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

9 қыркүйекте Атырау облысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады. Күндіз жекелеген аумақтарда төтенше өрт қаупі сақталады.

9 қыркүйекте таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

9 қыркүйек күні түнде Ақмола облысының кей жерлерінде -1-3 градус үсік күтіледі. Түнде және таңертең жекелеген аумақтарда тұман болады.

9 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады.

9 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болжанады. Түнде шығыста таулы аймақтарда жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.