• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Коронавирус 09 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда демалыс күндері шектеу шаралары сақталады

237 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой індеттің таралуына жол бермеу мақсатында кейбір шектеу іс-шаралары мен демалыс күндеріндегі локдаундар сақталатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Аурудың таралуын болдырмау және оң динамиканы сақтау мақсатында кейбір шектеу іс-шаралары мен демалыс күндері локдаундар сақталады. Қазіргі уақытта КВИ бойынша тұрақты эпидемиялық жағдайға қол жеткіздік. Қатаң шектеу шараларының арқасында 5 шілдеден бері ауруханаларда төсек орындардың жүктемесі 6 есе, жансақтау бөліміндегі төсек орындардың жүктемесі 6,6 есе азайса, коронавирус инфекциясы бойынша жедел жәрдем шақыру жағдайы 5,5 есе төмендеді. Емханалар үйінде қызмет көрсету тәртібіне көшіп кетті", деді Алексей Цой.

9 қыркүйектегi жағдай бойынша жалпы 106 498 адам коронавирус жұқтырды. Соңғы тәулікте COVID-19 оң нәтижесімен 73 адам тіркелді. 4810 ем алып жатыр, 100 042 адам (94%) ауруханадан шығарылды. 1646 адам қайтыс болды. Республикада ПТР теріс нәтижесі бар КВИ-дың 28 228 жағдайы тіркелді.