• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Экономика 09 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда пәтер жалдау айтарлықтай қымбаттаған

420 рет
көрсетілді

Қазақстанда жайлы тұрғын үйді жалға алу бағасы шамамен 10 пайызға, ал орташа жағдайдағы тұрғын үйді жалға алу төрт пайызға өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі болғандай, ел бойынша шілде айында елдегі абаттандырылған тұрғын үйді жалға берудің орташа бағасы бір шаршы метрге 1,6 мың теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 9,5 пайызға артық. Маусым айымен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу құны 0,4 пайызға өскен.

Абаттандырылмаған тұрғын үйді жалға алудың орташа құны бір шаршы метрге 832 теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда төрт пайызға қымбат. Ағымдағы жылдың маусымымен салыстырғанда жалдау құны өзгеріссіз қалды.

Еліміздің ірі қалалары арасында абаттандырылған тұрғын үйді жалға алудың ең жоғары орташа бағасы Нұр-Сұлтанда тіркелген: бір шаршы метрге 3,1 мың теңге. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 10,3 пайызға көп.

Айта кетейік, еліміз бойынша пәтер құны қымбат ірі қалалардың үштігіне Алматы мен Ақтау да кіреді. 

.

 

Соңғы жаңалықтар