Тұрғын үй құрылысында биылғы 8 айдың қорытындысында 8,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,4%.
Бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 71 457 баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 26 310-ы жеке тұрғын үйлер.
Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі республиканың 14 өңірде артты.