• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 10 Қыркүйек, 2020

Нұр-Сұлтанда тұмауға қарсы вакцинация басталды

280 рет
көрсетілді

COVID-19 тудырған пандемиядан толық арылмай жатып, маусымдық тұмау басталса не болады, деген қауіптің кімнің де көңілінде барлығы анық, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл елордалықтарды тұмауға қарсы вакцинациялау үшін 110 мың доза вакцина сатып алынды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы. Тұмауға қарсы вакцинацияның астаналықтарға тіркелген мекен-жайы бойынша жергілікті алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында жүргізіледі деген  Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы вакцинацияның бірінші кезекте қандай санаттағы адамдарға салынатынын айтты. Олар– созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балалар; медициналық қызметкерлер; жүкті әйелдер (жүктіліктің алғашқы 2-3 айы); жабық мекемелердегі адамдар (балалар үйі, үй, интернат); ересек мүгедектер мен созылмалы аурулары бар балалар; 60 жастан асқан қарт адамдар көрінеді.

"Қазақстанда жыл сайын тұмауға қарсы жаппай иммундау тұмаудың эпидемиялық таралуы мен өлім мен асқынулардың деңгейін төмендету мақсатында жүргізіледі. Вакцинациялауда организмге инфекциялық агент бөлшегі енгізіледі. Ол инфекциялық агент ауруды тудыруы мүмкін емес, бірақ ағзада антиденелерді шығаруға ынталандыруы мүмкін", - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының маманы Фатима Смагулова.

Назар аударатын жайт, вакцинация оған қарсы көрсеткіштері бар адамдарға жасалмайды. Егер ағзада  өткір вирустық инфекция болса (тамақ ауруы, жөтел, безгек), онда  вакцина алуға болмайды. 

Сондай-ақ  созылмалы аурулардың өршу кезінде де вакциналардан уақытша бас тартуға тура келеді. Екі жағдайда да пациенттер сауыққаннан кейін немесе созылмалы аурудың тұрақты жақсаруынан кейін вакцинацияланады, дейді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау қызметіндегі мамандар.