• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда егінді отандық техникамен жинауда

382 рет
көрсетілді

Қазақстанда егін жинау жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің статистикалық мәліметтері бойынша биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 22,7 млн га құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 439,2 мың га артық, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның аграрлық қызметкерлерінің толыққанды жұмыс істеуі үшін пандемияға қарамастан, отандық зауыттар жыл басынан 1 қыркүйекке дейін 41 млрд теңге сомасына 790 комбайнды алқапқа шығарды. Бұл туралы Қазақстандық АвтоБизнес қауымдастығы (ҚАБҚ) хабарлады.Отандық фермерлер Қостанайдың "АгромашХолдинг KZ" зауытының "ESSIL" комбайндары үлкен сұранысқа ие болды, кәсіпорында жыл басынан бері 278 бірлік техника өндірілді.Көкшетау зауыттарының өнімдері де егін жинау науқаны басталғанға дейін фермерлердің сұранысына ие болды. 8 айдың ішінде "KazRost Engineering Ltd" 246 "VECTOR" комбайнын және 180 бірлік "ACROS" өндірді. "КАИК" ЖШС 74 бірлік "ACROS" техникасы мен 12 "TORUM" комбайндарын жеткізуді қамтамасыз етті.Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың тамыз айында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен келісімге жақын арада отандық өндірушілердің қатарына қосылатын "CLAAS" неміс өндірушісі қол қойған болатын.