• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2013

Жол

266 рет
көрсетілді

 

Қазақстанда 2020 жылға қарай бірінші дәрежелі автожолдардың көлемі 4 мың шақырымға дейін жететін болады

Бұл туралы алдыңғы күні Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев Қа­зақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты.

Қазақстанда 2020 жылға қарай бірінші дәрежелі автожолдардың көлемі 4 мың шақырымға дейін жететін болады

Бұл туралы алдыңғы күні Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев Қа­зақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты.«Біріншіден, бізде қазір жүктемесі көп жолдар баршылық. Ондайларды біз бірінші техникалық дәрежеге көшіреміз. Біздің сол санатқа енгізілген Астана–Бурабай бағытындағы бірінші автобанымыз 6 қатар белдеулерден тұрады. Қазіргі статистиканың өзі мұндай жолдардағы апат саны әдеттегі трассаларға қарағанда – 3, өлім оқиғасының 22 есе аз болатынын көрсетіп беріп отыр. Сондықтан осы алған бағытымыздан айнымай және қазіргі қаржылық жағдайымыздың бұған мүмкіндік беретінін пайдалана келіп, өзіміздің жол бағдарламамызға сәйкес, 2020 жылға қарай бірінші категориядағы жолдар ауқымын 4 мың шақырымға жеткізуді жос­парлап отырмыз», – деді ол.

Вице-министр сондай-ақ қа­зіргі кездегі жол-көлік оқи­ға­лары­ның айтарлықтай ауқымды бө­лігі жолда жүріп келе жатқан кө­ліктердің қарама-қарсы белдеу­ге шығып кетулерінен орын алатынына да назар аударып өтті. Оның сөзіне қарағанда, жол бо­йын­да төрт түлік түрлерімен соқ­ты­ғысып қалудан болып жататын апат­тардың да үлес салмағы аз емес.

«Осыған орай, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің аумағында мал айдап өтетін 160 өткел жасау көзделген. Бұрын жүргізушілердің түн кезінде трасса бойында жүрген малдарды соғып кету деректері көп болатын. Қазір біз бұл проблеманы шештік», – деді Пішембаев бұдан әрі.

Вице-министр бұдан кейін екінші техникалық дәрежедегі жолдар санатына республикалық маңызы бар 7 200 шақырымдық жол бөлігінің кіретінін айтып өтті.

Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар