• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны шамамен қашан басталатыны айтылды

4504 рет
көрсетілді

Қазақстанда қараша мен желтоқсан айларында коронавирус індетінің өршуі тіркелуі мүмкін. Мұндай болжамды Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Қазіргі уақытта болжам жасаумен айналысып жатырмыз. Ең нақты болжам екі апталық кезеңге жасалады. Күн сайын қолымызға түсіп отырған көрсеткіштер ауытқып тұрады. Толықтай алғанда, қазірі уақытта бұл болжамдар маска тағатын, яғни әлеуметтік арақашықтық пен маска режимін сақтайтын адамдардың жалпы пайызына байланысты. Дәл осыған ауруға шалдығу болжамы тікелей байланысты. Ауруға шалдығуға қатысты болжам жасау үшін қазіргі уақытта азаматтардың қарым-қатынасты қаншалықты қысқартқандығын білуіміз қажет.

Шамамен қараша-желтоқсан айларында өсім болуы мүмкін. Оған коронавирустың болжанып отырған екінші толқыны мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың, тұмаудың қабаттасуы әсер етеді", - деді Алексей Цой.