Әлем 11 Қыркүйек, 2020

Қытайда жойқын жарылыс болды

746 рет
көрсетілді

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының Чжухай қаласында орналасқан қонақүйдің жанында қуатты жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға жергілікті уақытпен 09:00 шамасында қаланың Доумэнь ауданында орын алған. Мәліметтер бойынша төтенше жағдайдың туындауы газдың жарылуынан болған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жетіп, өртті ауыздықтады. Қазір іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Жарылыс салдарынан көптеген адам зардап шеккен, қаза тапқандар туралы ақпарат әзірге жоқ.