Елімізде 1 тамыздан бері коронавирустық белгілері бар пневмониямен ауырған азаматтар саны 30 мыңға жуықтады, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
"1 тамыз бен 11 қыркүйек аралығында тіркелді: 28 928 науқас тіркелді, пневмониядан 318 адам қайтыс болды, барлығы 6642 адам сауығып кетті", делінген хабарламада.