• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 11 Қыркүйек, 2020

Елордалықтар індетке қатысты сұрақтарымен психологиялық көмекке жүгіне алады

201 рет
көрсетілді

Елорда әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы КВИ-дың мүмкін деген жаңа толқынында тұрғындарға психологтерді тарту арқылы психологиялық көмек көрсететін болады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Емханалардың бейінді мамандары осы бағытта жұмыс істеуге тартылатын болады.

"Қала тұрғындарында КВИ бойынша сұрақтар туындаған кезде халықты толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін емханалардағы Call-орталықтардың жұмысын күшейтеміз. Біздің психологтер халықтың толғандыратын сұрақтарына жауап беруге, психологиялық қолдау көрсетуге дайын", деді Басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Call-орталықтардың телефондары басқарманың, қалалық медициналық ұйымдардың сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады. Сондай-ақ амбулаториялық көмек деңгейінде науқастарды оңалту бойынша жұмыстар әзірленіп жатыр.