АҚШ Президенті Дональд Трамп 2001 жылдың 14 қыркүйегінде болған терактік шабуылдардан кейін енгізілген төтенше жағдайды тағы бір жылға ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Трамп 2001 жылғы 14 қыркүйекте төтенше жағдай режимін енгізуге мәжбүрлеген террористік қауіп әлі сақталады деп санайды.
БАҚ-тың хабарлауынша, ел Президенті 11 қыркүйектен бастап 90 күн ішінде Конгреске жібермесе және Америка үкіметінің ресми құжаттары жиналған Федералды тізілімде оны тағы бір жылға ұзарту қажеттілігі туралы хабарлама жариялауға бұйрық бермесе, төтенше жағдай режимі автоматты түрде тоқтатылады.
Еске салайық, 2001 жылдың 11 қыркүйегінде террористер басып алған төрт жолаушы ұшағы Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығына және Вашингтондағы Пентагон ғимараттарына құлаған еді. Шабуыл салдарынан 2977 адам қаза тапқан.