Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес Түлкібаста тамшылап суғару әдісінің жемісін көріп отырған тұрғындардың қарасы көп, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазірдің өзінде ауданда 31 тұрғын үйдің іргелік жеріне тамшылатып суғару әдісін енгізді. Солардың бірі Жыланды елді мекенінің тұрғыны Айтбаева Гулбахира Абдуллақызы. "Нәтижиелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың" 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама аясында "Тамшылатып суғару әдісі" және "Мал шаруашылығын дамыту" бағытында 555600 теңгеге қайтарымсыз грант алып, шағын ауласында жұмысын бастады.
Көпбалалы аналарға қолдау берілетінін естіген ол тез арада құжаттарын жинап, өтінім берген. Несие алғалы отбасының жағдайы едәуір жақсарған көрінеді. Қаржының 200 мың теңгесіне "Тамшылатып суғару құрылғысын", ал қалған қаржыға сауынды сиыр сатып алған.
"Бүгінде тамшылатып суғару құрылғысын 10 сотық жеріне орналастырдық. Ол жерге қырық қабат, қызанақ, картоп, қияр, болгар бұрышын ектік. Енді піскен өнімнің жемісі қысқа азық болады", дейді көпбалалы ана.
Бұдан өзге, сауын сиырдан шығатын сүтті аудандық "Майлыкент-Сүт" ЖШС өткізіп, пайда тауып отыр.