• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қыркүйек, 2020

Жетісай ауданында биыл 5 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

362 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Жетісай ауданында биыл 5 жаңа мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Ал, келер жылы 200 және 300 орындық екі мектептің құрылысы аяқталмақ, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, жаңа білім ұяларының қатарында Ералиев ауыл округіне қарасты Арай ауылындағы 300 орындық "Дәуір" мектебі бар.

Ал Отан ауылында 300 орындық №47 мектеп салынуда. Сондай-ақ, Жетісай қаласында 1200 орындық және Жылысу ауыл округіне қарасты Баққоныс ауылында 300 орынға шақталған мектептер тапсырылады.

Бұдан өзге Атамекен ауылдық округінде 300 орынға арналған мектеп пайдалануға берілмек. Осылайша ауданда жалпы саны 2400 балаға лайықталған білім ұялары оқушыларға есігін айқара ашпақ.

Айта кетейік, Арай ауылындағы 300 орындық мектептің құрылысы 2018 жылы басталған. Биыл қыркүйек айында толық аяқталады деп күтілуде.

Қазір бұл мектептің ішіне жиһаз жеткізіліп, техникамен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Еске салайық, Жетісай ауданында биыл оқушылардың саны 44 мыңнан асқан.