• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қыркүйек, 2020

"Qazsport" телеарнасында Жақсылық Үшкемпіров апталығы басталды

247 рет
көрсетілді

Бүгін, 12 қыркүйек - қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіровтың өмірден өткеніне 40 күн толды, деп хабарлайды Egemen.kz

Осыған байланысты "Qazsport" телеарнасы көрерменге Үшкемпіров апталығын ұсынады. Онда қазақстандық көрермендер мен спорт жанкүйерлерінің назарына әлем чемпионының көзі тірісінде түскен "Қазақстан" телерадиокорпорациясының бейнеқорында сақталған жобалар ұсынылады. 

Бағдарламалар кестесі: 12 қыркүйек 11:50 "Алтын бастау" деректі фильмі13 қыркүйек 17:05 "Келбет"14 қыркүйек 09:40 "Менің Олимпиадам"15 қыркүйек 11:55 "Сен де бір кірпіш дүниеге..."16 қыркүйек 10:15 "Дара жол"17 қыркүйек 11:45 "24 сағат табиғат құшағында".