• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қыркүйек, 2020

Қызылордада тұрғын үй ауласына улы жылан кіріп кетті

772 рет
көрсетілді

Қызылордада тұрғын үй ауласына улы жылан кіріп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 11 қыркүйекте сағат 14.40 шамасында болды. Жергілікті тұрғындардың бірінен облыс орталығындағы Қыдыров көшесі бойында орналасқан тұрғын үйдің бірінің ауласында жылан жатқандығы жөнінде ақпарат түсті. Ол адамдар өміріне қауіп төндірген.

"Шақыру бойынша оқиға орнына жасақ базасынан 5 құтқарушы 1 техникасымен жетті. Жағдайды анықтап, өз ісіне кірісті. Жыланды тиісті құралдарды пайдаланып ұстап алды, Оны қауіпсіз аймаққа жіберді", деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті, баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.